«Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Абай аудандық орталық мешітінде «Аталар мектебінің» жиыны өтті.
Іс-шара мешіттің наиб имамы Есбол Оңалұлының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жиын барысында ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, ата мен әженің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Қатысушылар дәстүр мен діннің сабақтастығы жайында ой бөлісіп, келер ұрпаққа өнеге боларлық бағыттар талқыланды.
Кездесу рухани маңызы жоғары, мазмұнды форматта өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы