Актас кенті Ерімбет ата мешітінің ұстазы Руслан Сләмқұлұлы Актас кентіне қарасты әскери бөлімнің сарбаздарымен рухани сұхбат өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас сарбаздардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін арттыру болды. Сұхбат барысында ислам дініндегі адамгершілік құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіп пен сабыр, сондай-ақ әскери борышты адал атқарудың маңыздылығы туралы кеңінен айтылды.
Ұстаз Руслан Сләмқұлұлы сарбаздарға қиын сәттерде рухани тұрақтылықты сақтаудың, өз-өзіне сенім мен сабырдың маңызын түсіндіріп, діннің бейбітшілік пен бірлікке үндейтін асыл құндылық екенін атап өтті.
Кездесу барысында сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Рухани сұхбат еркін форматта өтіп, қатысушыларға пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары шара болды.
Мұндай кездесулер жас сарбаздардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, қоғам мен әскер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы