Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы ауданға қарасты мешіттердің құжаттарын реттеу мақсатында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің заңгерімен кездесті.
Кездесу барысында мешіттердің құқықтық құжаттарын заң талаптарына сәйкестендіру, тіркеу және құжат айналымын жүйелеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу кезінде туындайтын өзекті сұрақтар бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған кездесу ауданға қарасты мешіттердің қызметін құқықтық тұрғыда ретке келтіруге және алдағы уақытта құжаттық жұмыстарды жүйелі жүргізуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы