Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа арналған «Ислам негіздері» бойынша дәрістер ұйымдастырылуда.
Аталған дәрістердің негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, ислам дінінің негізгі ұғымдары мен құндылықтарын кеңінен түсіндіру.
Дәрісті мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, қатысушыларға сенім негіздері, ғибадаттың маңызы және мұсылман әдебі жайында жан-жақты мағлұмат беруде.
Сабақ барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, пайдалы насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы