Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде жамағатқа арналған «Құран және тәжуид» курсы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған курс жамағаттың Құран Кәрімді дұрыс әрі көркем оқуына, тәжуид ережелерін терең меңгеруіне және діни сауатын арттыруға бағытталған.
Курстың басты мақсаты – жамағатты Құран Кәріммен тығыз байланыста болуға тәрбиелеу, Алланың кітабын дұрыс оқып, амал етуге баулу. Осындай рухани сабақтар мешіт жамағатының білімін арттырып қана қоймай, имандылық пен жауапкершілікті күшейтуге өз үлесін қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы