Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында жастарға «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат айтылды
Шет ауданында жастарға «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат айтылды

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жастарға арналған «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында рухани-танымдық насихат шарасы өтті.

Іс-шараны аудан имамы Берік Алпысбайұлы жүргізіп, жастарға қазіргі заманда кеңінен дамып келе жатқан жасанды интеллект технологияларының қоғамға, білім мен ғылымға тигізер пайдасы мен ықпалы жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдануда жауапкершілік, уақытты тиімді пайдалану, шынайы ақпарат пен жалған мәліметті ажырата білу мәселелері қозғалды.

Насихат барысында имам ислам дініндегі білім алудың маңыздылығына тоқталып, кез келген технология адамзат игілігіне қызмет етуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, жасанды интеллектті дұрыс бағытта қолдану, оны рухани құндылықтармен ұштастыру, адамгершілік пен әдепті сақтай отырып пайдалану қажеттігі айтылды.

Кездесу еркін форматта өтіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz