«Бір айда бір кітап» жобасы аясында Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабын талқылауға арналған рухани-танымдық жиын өтті.
Аталған басқосуды аудан имамы Берік Алпысбайұлы жүргізіп, жамағатқа кітаптың мазмұны мен тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіндірді. Жиын барысында ислам дініндегі көркем мінез-құлық, адамгершілік құндылықтар, қоғамдық қарым-қатынас әдебі, ата-анаға құрмет, көрші ақысы, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу секілді маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды.
Имам өз сөзінде мұсылман адам тек құлшылықпен ғана шектелмей, күнделікті өмірде де ислам әдебін ұстануы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, кітаптағы тағылымды мысалдар мен ғибратты оқиғалар арқылы жамағаттың рухани білімін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дәріс барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Жиын еркін форматта өтіп, жамағат тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Аталған шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және кітап оқуға деген қызығушылықты дамытуға бағытталған игі бастамалардың бірі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы