Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласындағы ұн өндірісі мен нан өнімдері кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізілді
Қарағанды қаласындағы ұн өндірісі мен нан өнімдері  кәсіпорындарда  аудит жұмыстары жүргізілді
Қарағанды қаласындағы бірқатар ұн өндірісі мен нан өнімдері  кәсіпорындарда  аудит жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтқанда, «Дильназ, «Акжайык», «Дамир АА », «АDIASTYK», «Эталон ЛТД» кәсіпорындары тексерілді.
Арнайы аудит жұмыстарын Халал Даму-дың Қарағанды облысы бойынша  жауапты өкілі Амангелді Асқаров және технолог Ардақ Жұбанышева жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорындарда өндірістік санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, шикізат пен дайын өнімнің халал стандартына сәйкестігі, қызметкерлердің жеке бас гигиенасы мен арнайы киімдердің тазалығы тексерілді. Сонымен қатар, өндіріс барысында қолданылатын қоспалар мен дәмдеуіштердің құрамы зерттеліп, олардың халал талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Аудит нәтижесінде анықталған кейбір ескертпелер бойынша кәсіпорын басшыларына нақты ұсыныстар беріліп, кейбір бағыттар бойынша жетілдіру қажет тұстары айтылды. 

Алдағы уақытта да осындай бақылау-қадағалау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz