Center Image
IHSAN.KZ
Әлихан Бөкейхан мешітінде мәйіт кебіндеуден дәріс өтті
Әлихан Бөкейхан мешітінде мәйіт кебіндеуден дәріс өтті

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Муслима Абдрайымқызы шәкірттерге мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістерін өткізді. 

 «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.

Сондай-ақ, мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz