Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы Саран қаласында орналасқан №44803 әскери бөлімінде жас буын сарбаздармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында наиб имам «Жат ағымнан сақтанудың жолдары» және «Суицидтің алдын алу» тақырыптарында уағыз-насихат айтты. Кездесу барысында адам өмірі – Алланың аманаты екені, қандай қиын жағдай болмасын үміт үзбеу керектігі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Ислам дінінде адамның өзіне қол жұмсауы үлкен күнә екені, ал сабыр мен тәуекелдің әрбір мұсылман үшін маңызды қасиет екені айтылды. Сондай-ақ кез келген қиындықтың уақытша екені, ал өмірдің өзі ең қымбат құндылық екені ерекше атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы