Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің наиб имамы Диарбек Шавкатұлы №46298 әскери бөлімінде «Әке-шешенің қадірі және суицид» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам ата-анаға құрмет көрсетудің исламдағы орнына тоқталып, олардың разылығы – Алланың разылығы екендігін атап өтті.
Әке-шешенің батасы мен тәрбиесі адамның рухани беріктігіне, өмірдегі дұрыс таңдау жасауына үлкен әсер ететіні түсіндірілді.
Сонымен қатар, суицидтің ауыр күнә екені айтылып, қандай қиын жағдай болса да үміт үзбеу, сабыр сақтау және көмек сұраудың маңыздылығы насихатталды. Имам жастарды рухани құндылықтарды берік ұстануға, ата-анамен байланысын нығайтуға және өмірдің қадірін білуге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы