Ақ жаулықты әжелер- ұлттық тәрбиенің темірқазығы. Дін мен дәстүр бағыты аясында Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен «Әжелер мектебінің» тағылымды жиыны өтті.
Жиын барысында ақ жаулықты әжелерге арналып кең дастархан жайылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың асыл құндылығы екені ерекше аталып өтті.
Әжелердің өмірлік тәжірибесі, тәрбиелік өнегесі, салт-дәстүрді сақтаудағы рөлі жайлы мазмұнды әңгімелер айтылып, олардың жастарға берер ақыл-кеңесінің маңызы кеңінен насихатталды.
Кездесу рухани тәрбиеге толы, әсерлі әрі тағылымды басқосу ретінде қатысушылардың көңілінен шықты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы