Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық мешіттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық мешіттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің шәкірттері Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен өткен Құран жарысына қатысып, өзара бақ сынады. 

Іс-шара мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлының кіріспе сөзімен ашылып, қатысушы шәкірттерге сәттілік тілегі білдірілді.
Аталған жарыстың негізгі мақсаты – Құран ілімін дәріптеу, шәкірттердің діни білімін арттыру және көркем оқу мәдениетін қалыптастыру болды.

Жарыс барысында қатысушылар Құран Кәрімнің 29–30-паралары, сондай-ақ «Нас» және «Шәмс» сүрелері бойынша білімдері мен оқу мәнерін көрсетті. Шәкірттер тәжуид талаптарын сақтай отырып, аяттарды анық әрі көркем оқуға ерекше мән берді.

Қазылар алқасы қатысушылардың оқу сапасын, жаттау деңгейін және тәжуид ережелерін сақтауын бағалау өлшемдері ретінде негізге алды. Байқау қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Аталған іс-шара шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға, рухани ынтасын нығайтуға және діни білімін жүйелі түрде дамытуға бағытталған тағылымды бастама ретінде өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz