Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Шағбан айының берекетіне орай «Қасиетті Құранға махаббат» тақырыбында кезекті дәстүрлі бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Құран Кәрімнің исламдағы орны, оның рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызы, сондай-ақ Құран оқудың және оны өмірлік ұстанымға айналдырудың мәні жөнінде жан-жақты түсіндіру жүргізді.

Рухани кеш аясында Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға бағышталды. 

Аталған іс-шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және Құранға деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған мешіттің тұрақты ағартушылық жобаларының бірі болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz