ҚМДБ-ның Қарағанды облысы «Әйел-қыздар» секторының жанынан құрылған «Ханифа» қыздар даму клубының екі жылдық мерейтойына арналған тағылымды жиын өтті. Аталған басқосу клуб жетекшісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Рухани шара қасиетті Құран хатымымен басталып, ұйымдастырушылар тарапынан құттықтау сөздер айтылды. Клуб жұмысына белсене қатысып, жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен мүшелер арнайы номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Кеш барысында клубтың екі жылдық қызметін қамтыған бейнематериалдар ұсынылып, оның құрылу кезеңінен бергі маңызды сәттері еске алынды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған рухани-танымдық ойындар ұйымдастырылып, кештің мазмұнын арттыра түсті.
Шара аясында арнайы фотобұрыш орнатылып, келген қонақтар естелік суретке түсті. Жиын барысында жүрекке жетерлік насихат айтылып, рухани ой түйінделді. Кеш барысында ақ дастархан жайылып, қатысушыларға сый-сияпат көрсетілді.
Игі басқосу қыздардың рухани дамуына, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған мәнді шара ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы