Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің шәкірттері Құран жарысына қатысты
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің шәкірттері Құран жарысына қатысты

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің шәкірттері Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен өткен Құран жарысына қатысып, өзара бақ сынады. Игі шара Құран ілімін дәріптеуге, шәкірттердің діни білімін арттыруға бағытталды.

Жарыс барысында қатысушылар Құран Кәрімнің 29–30 паралары, сондай-ақ «Нас» және «Шәмс» сүрелері бойынша білімдері мен оқу мәнерін көрсетті. Шәкірттер тәжуид талаптарын сақтай отырып, аяттарды көркем әрі анық оқуға ерекше мән берді.

Қазылар алқасы қатысушылардың оқу мәнері, жаттау деңгейі мен тәжуид ережелерін сақтауына баса назар аударды. Байқау соңында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Аталған жарыс шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани ынтасын нығайтқан тағылымды шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz