Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Орамал күніне орай әйел-қыздар жамағатына арналған рухани басқосу ұйымдастырылды. Тағылымды шара мешіт ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен өтіп, жиналған қауымға өнегелі насихат айтылды.
Кездесу барысында орамалдың мұсылман әйел үшін тек сыртқы киім емес, имандылық пен ар-намыстың, көркем мінез бен рухани тұтастықтың белгісі екені кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, әйелдің қоғамдағы орны, оның тәрбиесі мен әдебі ислам құндылықтары тұрғысынан сөз болды.
Шара соңында қатысушыларға ыстық ықылас белгісі ретінде гүл шоқтары табысталып, барша жамағатпен бірге ортақ дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы