ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының жүйелі түрде өткізген дәрістерінің нәтижесінде қасиетті Құранды оқу мен меңгеру жолында табандылық танытқан шәкірттерді марапаттау кеші өтті.
Аталған шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Әйгерім Берікболқызының бастамасымен жүзеге асып, ұзақ уақыт бойы жүргізген тағылымды дәрістерінің нәтижесін айқындады.
Жиын барысында Құран іліміне ден қойған шәкірттердің еңбегі ерекше атап өтіліп, арнайы тәждер мен ленталар тағылып, жетістіктерін айқындайтын сертификаттар табысталды.
Бұл жолы «Тасхих» бағыты бойынша 10 шәкірт, ал «Хифз» бағыты бойынша 30 шәкірт өз деңгейін сәтті тәмамдады.
Сонымен қатар, рухани шараға қолдау білдірген демеуші, жанашыр жандарға ризашылық білдіріліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынылды.
Кеш барысында ұйымдастырылған танымдық ойындар шәкірттердің білімін бекітіп, рухани көңіл күйін көтерді.
Игі бастама Құран ілімін дәріптеуге, әйел-қыздар жамағатының рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы