Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің жамағатына Уақып қайырымдылық қорының қызметі насихатталды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа уақып институтының мәні мен оның қоғамдағы маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірме жүргізді. Имам уақыптың исламдағы қайырымдылықтың тұрақты түрі екеніне тоқталып, оның әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру, діни және қоғамдық жобаларды дамытудағы рөліне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Уақып қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен жобалар туралы айтылып, жамағатты сауапты іске үлес қосуға шақырды. Насихат соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы