ҚМДБ -ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Қарағанды облысы имамдарының 2026 жылға арналған алқалы жиыны өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен жиынға қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.
Жиын барысында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі төрт бағыт жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, ихсан және насихатты күшейту, діни оқу-ағарту жұмыстарын жүйелеу, дәстүр және отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінде бекітілген бірқатар пәтуалар таныстырылды.
Жиын соңында Қарағанды облысында ұзақ жылдар бойы асыл дініміздің құндылығы үшін қызмет атқарған бірқатар дін қызметкерлері діни басқарманың 35 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы