«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен Бұқар Жырау ауданында «Көшпелі қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж 63 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Игі шара аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде 45 отбасыға, Байқадам ауылындағы «Ғыйззат қажы» мешітінде 9 отбасыға, Көкпекті ауылдық мешітіде 9 отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді.
Қайырымдылық керуенін ұйымдастырған Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұжымына және мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлына Бұқар Жырау ауданының имамы Рүстем Мұратұлы арнайы алғысын білдіріп, ел игілігі жолындағы осындай сауапты істердің жалғаса беруіне тілектестік танытты.
Игі бастама – қоғамдағы ынтымақ пен мейірімділікті арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы