Center Image
IHSAN.KZ
“Әл-Ғаффар” мешітінде «Ана және қыз» атты сабын жасаудан шеберлік сағаты өтті
“Әл-Ғаффар” мешітінде «Ана және қыз» атты сабын жасаудан шеберлік сағаты өтті
Қыз баланың тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің өзегі. Осы мақсатта шәкірттер арасында «Ана және қыз» тақырыбында сабын жасаудан танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатының басты мақсаты – ана мен қыз арасындағы байланысты нығайту, қыз балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбекке баулу және қолөнерге деген қызығушылығын арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар сабын жасаудың қыр-сырын үйреніп қана қоймай, өз қолдарымен әсем әрі табиғи өнім дайындады.

Шеберлік сағаты кезінде ананың қыз тәрбиесіндегі рөлі, қыз баланың бойындағы нәзіктік, сабыр мен жауапкершілік туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Сабын жасау процесі ана мен қыз арасындағы жылы қарым-қатынасты арттырып, өзара түсіністік пен бірлескен еңбектің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.

Қатысушы шәкірттер шығармашылық жұмыс барысында ерекше белсенділік танытып, өз ойлары мен әсерлерімен бөлісті. Бұл шеберлік сағаты қыз балалардың бойына еңбекқорлық пен әсемдікке деген сүйіспеншілікті дарытып, пайдалы да әсерлі іс-шара ретінде есте қалды.

Осындай шеберлік сағаттары шәкірттердің жан-жақты дамуына, рухани және тұрмыстық дағдыларды қатар меңгеруіне үлкен үлес қосады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz