Қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен қаңтар айында оқылған үш кітапты талқылау жиынын өткізді.
Рухани даму – адамның өзін тануы мен ішкі әлемін тәрбиелеудің маңызды жолы. Осы мақсатта оқырман шәкірттер «Асыл аналар», «Айғайламайтын аналар» және «Мен» кітаптары бойынша мазмұнды кітапталқы өткізді.
Кітапталқы барысында қатысушылар ананың қоғамдағы орны, әйелдің рухани жауапкершілігі, сабыр мен мейірімнің құндылығы жайлы ой бөлісті.
«Асыл аналар» кітабы тарихтағы ибалы, парасатты аналардың өнегелі өмірін таныстырып, олардың тәрбиесі мен мінезінің бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін көрсетті.
«Айғайламайтын аналар» еңбегі қазіргі замандағы ана мен бала қарым-қатынасына сабыр, түсіністік пен махаббаттың маңызын ашып берді.
Ал «Мен» кітабы әр оқырманды өз ішкі әлеміне үңіліп, жауапкершілік пен өзін-өзі тану жолында ойлануға жетеледі.
Кітапталқы барысында қатысушылар өз әсерлерін ортаға салып, алған ойларын талқылады.
Бұл кездесу шәкірттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани тұрғыдан байып, өмірге деген көзқарастарын кеңейтті.
Осындай тағылымды кітапталқылар – саналы, тәрбиелі және рухы биік ұрпақ қалыптастырудың бір жолы. Бір айда оқылған үш кітап шәкірттердің жүрегіне ізгілік дәнін егіп, алдағы өміріне бағыт-бағдар бергені сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы