Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жөндеу жұмыстары басталды.
Жөндеу жұмыстары мешіттің ішкі және сыртқы көрінісін жаңартуға бағытталған. Бұл бастама жамағатқа қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ Алланың үйін көркейтуге үлес қосуды мақсат етеді.
Мешіт ұжымы мен жергілікті тұрғындар аталған іске қолдау білдіріп, сауапты іске атсалысуда. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мешіт жамағатқа жаңартылған күйде қызмет көрсететін болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы