Center Image
IHSAN.KZ
Ағадыр кентінде «Шағбан айының шарапаты» тақырыбында насихат өткізілді
Ағадыр кентінде «Шағбан айының шарапаты» тақырыбында насихат өткізілді

Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Шағбан айының шарапаты» тақырыбында насихат айтылды.

Іс-шара барысында имам Шағбан айының қасиеті, бұл айда жасалатын ғибадаттардың маңызы және адам өміріне беретін рухани пайдасы жайында түсінік берді. Қатысушыларға әрбір мұсылман үшін дұға мен ізгі амалдардың маңыздылығы, сондай-ақ ораза мен садақаның сауаптары туралы ақпараттар жеткізілді.


Шараға қатысушылар сұрақтарын қойып, имамнан нақты кеңестер алды. Бұл насихат жастар мен үлкендерге Шағбан айын саналы түрде өткізуге, рухани дүниесін байытуға септігін тигізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz