Center Image
IHSAN.KZ
Абайда жас отау иелеріне «Исламдағы адалдық пен бауырмалдық» насихаты жүргізілді
Абайда жас отау иелеріне «Исламдағы адалдық пен бауырмалдық» насихаты жүргізілді

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Абай аудандық орталық мешітінде шаңырақ көтерген жас отау иелеріне мешіт наиб имамы  «Исламдағы адалдық пен бауырмалдық» тақырыбында насихат айтып, отбасылық өмірдегі имандылықтың, сүйіспеншілік пен сыйластықтың маңыздылығын түсіндірді.

Имамның айтуынша, отбасының берекесі мен қуанышы адалдыққа, шыншылдыққа және бір-біріне деген бауырмалдыққа негізделуі тиіс. 

Сондай-ақ, жас жұбайларға өзара сыйластықты сақтап, отбасының рухани құндылықтарын дәріптеуді насихаттады.

Шара барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, имамнан кеңестер алды. Жастар өздерінің отбасы өмірін ислам дәстүрлері мен құндылықтарына сай құруға ниет білдірді.

Бұл іс-шара аудандық мешіттің жас отбасыларға көрсететін қолдауының бір көрінісі болып, «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы маңызды рухани шаралардың қатарын толықтырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz