Шағбан айының қарсаңында Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» бағыты аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының демеушілігімен жүзеге асырылды.
Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктер түріндегі материалдық көмек көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда өзара жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын нығайту, мұқтаж азаматтарға жүйелі қолдау көрсету және қайырымдылық мәдениетін дамыту.
Бұл бастама мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы тұрақты жобаларының бірі ретінде жүзеге асырылып, жамағат пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы