Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Марат Өмірзақұлы Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша МКҚБ-ның 2ПБ бөліміне арнайы барып, «Құмар ойындар және зиянды әдеттер, оның салдары» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам құмар ойындардың адам өміріне, отбасына және қоғамға тигізер рухани әрі әлеуметтік зиянын кеңінен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ ішімдік, есірткі секілді зиянды әдеттердің адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, имани құндылықтардан алыстататыны айтылды.
Ислам дінінің адам баласын жауапкершілікке, адал еңбекке, сабыр мен салауатты өмір салтына үндейтініне ерекше тоқталды.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қоғамда теріс әдеттердің алдын алуда рухани тәрбиенің маңызы зор екені атап өтілді. Осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы