Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде Құран дәрістері тұрақты өтуде
«Қазыбек би» мешітінде Құран дәрістері тұрақты өтуде

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Құран дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Аталған діни-рухани шара мешіт ұстазы Ажар Қыдырманқызының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Дәрістердің негізгі мақсаты – жамағаттың Құран Кәрімді дұрыс оқуын үйрету, тәжуид ережелерін меңгерту және діни сауаттылығын арттыру. Сабақтар барысында Құран аяттарының оқылу тәртібімен қатар, мағынасына қатысты түсіндірмелер де беріледі. Бұл өз кезегінде қатысушылардың діни білімін тереңдетіп, рухани тұрғыда кемелденуіне оң әсерін тигізуде.

Құран дәрістеріне әртүрлі жас санатындағы жамағат қатысып, Алланың кітабына деген ықыласын арттыруда. Ұстаз тарапынан жүйелі түрде жүргізіліп жатқан бұл сабақтар жамағат арасында үлкен қолдауға ие.

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ұйымдастырылатын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz