Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қысқы діни сауат ашу курсына қатысып, оқу бағдарламасын толық меңгерген мектеп жасындағы балаларға арналған қорытынды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы шәкірттерге оқу курсын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар және рухани-танымдық мазмұндағы сыйлық кітаптар табыстады.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – балалардың білімге деген ынтасын арттыру, Құран іліміне қызығушылығын қалыптастыру және рухани тәрбиені жүйелі түрде дамыту.
Бұл іс-шара мешіттің жас буынмен жұмыс жүргізу аясындағы тұрақты білім беру және тәрбиелік жобаларының бірі ретінде жүзеге асырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы