Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті «Тегін такси» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
«Төлеутай ата» мешіті «Тегін такси» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен ауа райының күрт суытуына байланысты «Тегін такси» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Игі бастамаға мешіт жамағаты мен еріктілер бірлесе атсалысып, күннің қақаған аязында қала тұрғындарына жанашырлық танытты. Акция аясында тұрғындар өздері қажет еткен мекенжайларға тегін жеткізіліп, уақытша қиындықты еңсеруге  көмек көрсетілді.

Аталған шара қоғамда мейірім мен бірлікті нығайтып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz