Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды ұстаздары «Әл-Ғаффар» мешітінде бас қосты
Қарағанды ұстаздары «Әл-Ғаффар» мешітінде бас қосты
Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде Ермахан Оралбай Әділбекұлының ұйымдастыруымен  Қарағанды қаласында қызмет етіп жүрген әйел ұстаздарға арналған тағылымды қонақасы ұйымдастырылды.

Дастархан барысында қонақтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне жолдаған дәстүрлі Бағдарлық баяндамасының мазмұны кеңінен түсіндірілді. 

Атап айтқанда, 2026 жылдың діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланғаны, оның қоғамдағы рухани тәрбие, әділдік пен жауапкершілікті нығайтудағы маңызы сөз болды.

Сонымен қатар, діни саладағы ауызбіршілік, ынтымақ пен өзара құрметтің маңыздылығы атап өтіліп, ортақ мақсат жолында бірлесе қызмет ету қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында жиналғандар исламдағы бірлік пен бауырмалдық туралы насихатпен түйінделді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz