Center Image
IHSAN.KZ
Ағадыр кентінде Миғраж түніне арналған рухани кеш өтті
Ағадыр кентінде Миғраж түніне арналған рухани кеш өтті

Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты Миғраж түніне орай берекелі рухани кеште бас қосты.

Игі шара барысында жамағатқа рухани насихат айтылып, Миғраж оқиғасының мәні мен тағылымы кеңінен түсіндірілді. 

Сонымен қатар Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға-бата жасалды.

Өткен рухани жиын жамағаттың имани бірлігін нығайтып, қасиетті түннің қадір-қасиетін ұғындыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz