ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағатқа қасиетті Миғраж түнінің шарапаты мен мән-маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында «Миғраж түнінің қасиеті» тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.
Берекелі кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы қасиетті түннің қадір-қасиеті жайлы тағылымды насихат айтты.
Кеш аясында Миғраж оқиғасына байланысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, рухани кеште Құран оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы