Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Уақыттың қадірі» кітабы бойынша қорытынды жиын өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Уақыттың қадірі» кітабы бойынша қорытынды жиын өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар жамағатының «Иқро Көзайым» оқырман клубының желтоқсан айындағы таңдаулы кітабы «Уақыттың қадірі» бойынша қорытынды жиын ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар кітаптағы негізгі ойлар мен тағылымды тұжырымдар төңірегінде пікір алмасып, уақыттың адам өміріндегі және рухани дамудағы маңызы жөнінде ой бөлісті. 

Жиын қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, уақытты саналы әрі жауапкершілікпен пайдалануға деген көзқарасын нығайтуға бағытталды.

Қорытынды жиын өзара сұхбатқа, терең талдауға және тағылымды ойларға толы болып, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz