Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына «Жат идеологияларға жол жоқ» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында дін атын жамылған теріс ағымдардың белгілері, олардың жеке адам мен қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатты діни мәселелерде тек сенімді дереккөздерге жүгінуге, бірлік пен ынтымақты сақтауға шақырды.
Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, насихат игі тілектермен қорытындыланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы