Center Image
IHSAN.KZ
«Master Coffee» қоғамдық тамақтану орыны халал сертификатын иеленді
«Master Coffee» қоғамдық тамақтану орыны халал сертификатын иеленді

Қарағанды қаласында орналасқан «Тенисбаев» ЖК «Master Coffee» қоғамдық тамақтану орны Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді.

Арнайы сертификатты  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстады. Мекеменің қызмет барысы толық тексерістен өтіп, асханасына зертханалық жұмыс жасалды.                

Арнайы тексеріс жұмыстарын  «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары жүргізді. Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді.                                    

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.     

Алдағы уақытта «Master Coffee» дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!

Асхана Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28/3 блок Б. мекен-жайында орналасқан. 

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz