Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ КӨШЕ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА ЫСТЫҚ АС ҮЛЕСТІРДІ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ КӨШЕ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА ЫСТЫҚ АС ҮЛЕСТІРДІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қыстың қаһарлы күнінде  «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» қайырымдылық акциясы аясында көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынш бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты -қоғамның игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандарға қолдау білдіру.

 

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz