Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде балаларға арналған қысқы діни сауат ашу және Құран үйрену курсы өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Аталған оқу курсы мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының ұйымдастыруымен өткізілуде.
Қазіргі таңда курсқа 15-ке жуық шәкірт тұрақты түрде қатысып, Құран әліппесін меңгеру, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру және базалық діни білімдерін жетілдіру бағытында сабақ алуда. Оқу үдерісі жас ерекшеліктеріне сай жоспарланып, тәлім-тәрбиелік мазмұнмен толықтырылған.
Бұл бастама балалардың діни сауаттылығын арттыруға, рухани тәрбие беруге және Құран іліміне деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған мешіттің тұрақты білім беру жобаларының бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы