Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен Құран Кәрімдегі «Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі он қысқа сүренің мағынасы мен тәпсірін түсіндіруге арналған діни сауат ашу курсы өтуде.
Дәріс барысында алатмыш он сүре жан-жақты баяндалып, қатысушыларға әр сүренің рухани мәні, тәлімдік аспектілері түсіндіріледі.
Сонымен қатар, қатысушыларға Құранды дұрыс оқу, аяттардың мән-мағынасын қабылдау және өмірде қолдану жолдары кеңінен түсіндіріледі.
Бұл курс жамағаттың діни білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы