Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Ережеп – рухани дайындық айы» тақырыбындағы тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Рухани басқосу барысында әйелдер жамағаты Құран Кәрімді хатым етіп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады. Қасиетті айдың қадір-қасиеті мен оның мұсылман өміріндегі орны кеңінен насихатталды.
Іс-шара аясында ұстаз Гүлнұр Қаныбекқызы «Әйел адамның білім алуы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, ислам дінінде әйел затының орны, білім мен тәрбиенің маңыздылығы жайында құнды ойларымен бөлісті.
Уағыз - насихат барысында әйелдің отбасындағы, қоғамдағы жауапкершілігі мен рухани кемелдену жолы жан-жақты түсіндірілді.
Рухани кездесу жамағаттың жүрегіне имани шуақ сыйлап, білімге деген ынтасын арттырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы