Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Құранға түскен шәкірттер марапатталды
«Бала қажы» мешітінде Құранға түскен шәкірттер марапатталды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өтті.

Рухани кеш барысында Құран оқуды бастау бақытына ие болған шәкірттерге ерекше ілтипат білдіріліп, оларға арнайы марапаттар табысталып, тәж кигізілді. 

Бұл сәт  шәкірттердің жүрегіне қуаныш пен жауапкершілік ұялатып, ерекше рухани әсер сыйлады.

Сондай-ақ шара аясында шәкірттерге арнап дастархан жайылып, мешіт ұстазы «Құран оқудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

Іс-шара соңында шәкірттер өздеріне Құран ілімін үйретіп, рухани жол көрсеткен Фатима ұстазға шынайы алғыстарын айтып, ақ тілектерін білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz