Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен мешіт жанынан дін қызметкерлеріне арналған үш пәтерлі қызметтік баспананың құрылысы аяқталуға жақын.
2025 жылдың жаз айында бастау алған бұл ғимарат үш пәтерден тұрады. Әр пәтер үш бөлмелі болып жобаланған. Сонымен қатар баспана ішінде мәжіліс залы, ерлер мен әйелдерге арналған діни сауат ашу сыныптары қарастырылған.
Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздар орнатылуда. Қызметтік баспананың ашылу салтанатын Рамазан айында өткізу жоспарланып отырғанын аудан имамы Асхат Қанайұлы атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы