Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жамағатына ҚМДБ уақып қайырымдылық қорының негізгі қызметі мен қайырымдылықтың маңызы жайында насихат айтты. Сонымен қатар, «Ислам және дәстүр сабақтастығы» тақырыбын түсіндірді.
Насихат барысында имам ислам дінінің ұлттық салт-дәстүрлермен өзара үйлесімділігіне кеңінен тоқталып, ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлердің шариғат қағидаларымен сабақтас екендігін түсіндірді.
Сондай-ақ, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуда, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде дәстүрдің маңызы ерекше екені айтылды.
Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіріліп, ислам құндылықтары мен ұлттық болмысты қатар ұстанудың маңызы насихатталды.
Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы