Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде «Тәфәккур» тақырыбында рухани дастархан өтті
«Ар-Рахман» мешітінде  «Тәфәккур» тақырыбында рухани дастархан өтті

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде кезекті дәстүрлі бейсенбілік іс-шара аясында «Тәфәккур» (терең ой) тақырыбында рухани дастархан ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жиналған жамағатқа тәфәккур ұғымының исламдағы орны мен маңызын кеңінен түсіндірді. Ол адамның өзін-өзі тануы, Алланың жаратылысы мен сансыз нығметтері жайында ой жүгірту арқылы иманын күшейту, көркем мінез қалыптастыру және өмірлік жауапкершілікті арттыру жолдарына тоқталды. 

Сондай-ақ ойлану мен зерделеудің рухани тәрбие берудегі рөлі ғылыми-танымдық тұрғыда баяндалды.

Рухани кеш барысында Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға жасалды. 

Аталған іс-шара жамағаттың рухани дамуына серпін беріп, діни сауаттылығын арттыруға бағытталған мешіттің тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатқан игі жобаларының бірі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz