Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне жаңа ақпарат тақтасы орнатылды
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне жаңа ақпарат тақтасы орнатылды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне жаңа ақпарат тақтасы орнатылды.

Аталған игі бастама мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының мұрындық болуымен жүзеге асты. Жаңа ақпарат тақтасы мешіт жамағатына қажетті мәліметтерді жүйелі әрі қолжетімді түрде ұсыну мақсатында орнатылды.

Ақпарат тақтасында мешітте өтетін діни дәрістердің кестесі, діни мерекелер тізімі, мешіттің жауапты мамандары, ұстаздар мен дін қызметкерлерінің тізімі, сондай-ақ мешіттің тарихына қатысты деректер және жамағатқа қажетті өзге де маңызды ақпараттар қамтылған.

Аталған жаңашылдық жамағаттың мешіт қызметі туралы ақпараттануын арттырып, рухани тәрбие мен діни ағарту жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне оң ықпал етпек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz