Center Image
IHSAN.KZ
«Жұмабек Тәшен» мешітінде бейсенбілік уағыз дастарханы өтті
«Жұмабек Тәшен» мешітінде бейсенбілік уағыз дастарханы өтті

Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде бесінбілік уағыз-дастарханы өтті.

Аталған рухани іс-шара мешіт имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен өткізілді. Басқосуға мешіт жамағаты қатысып, уағыз барысында қасиетті Ережеп айының қадір-қасиеті, оның мұсылман өміріндегі орны және бұл айда орындалатын сауапты амалдардың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жамағатты ізгілікке, бірлікке, сабыр мен тақуалыққа үндейтін тағылымды насихат айтылып, дініміздегі рухани тазару мен имандылықты арттыру мәселелері қозғалды. Рухани жиын соңында жамағатқа ақ дастархан жайылып, елдің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz