Қарағанды облысы,Саран қалалық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ата-бабадан жалғасқан игі дәстүр - сәбиге ат қою рәсімі өткізілді. Рухани мәні зор шара барысында сәбидің құлағына азан шақырылып, есімі қойылды.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Ерболат Дауржан шариғат талаптарына сай сәбидің құлағына азан шақырып, есім қойды. Сондай ақ, дұға жасап, сәбиге ізгі тілек білдірілді.
Рәсімде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің мәні түсіндіріліп, балаға көркем мінез, иманды өмір, елге елеулі,халыққа қалаулы болсын,пайдалы азамат болып өсуіне тілектер айтылды.
Аталған игі шара Дін мен Дәстүрдің сабақтастығын насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы