Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде бесін намазының алдында «Құран жауһарлары» дәрістер топтамасы аясында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Рухани дәріс барысында қасиетті Құран аяттарының терең мағыналарына тоқталып, күнделікті өмірмен байланыстыра отырып түсіндірмелер берілді. Бұл жолы мешіт наиб имамы Дастан Абдрахманов қасиетті Құранның «Юсуф» сүресі, 20-аятын негізге алып, сабыр, тағдырға тәуекел және Алланың даналығы жөнінде тағылымды насихат жүргізді.
Уағыз барысында имам аятта баяндалған оқиғалар арқылы мұсылман баласының қандай жағдайда да иманын сақтап, адалдық пен шүкіршіліктен айнымай, сынақтарға төзімді болу керектігін атап өтті.
Жамағат тарапынан дәріс үлкен ықыласпен тыңдалып, рухани азық алды. «Құран жауһарлары» дәрістер топтамасы мешіт жамағаты үшін тұрақты түрде өткізіліп келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы