Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы «Үштөбе оқу-ағарту орталығында» ұйымдастырылған қысқы діни сауат ашу дәрісі өз мәресіне жетті.
Аталған дәріс барысында балаларға діни білімнің негіздері үйретіліп, имандылыққа, әдеп пен адамгершілікке баулуға ерекше көңіл бөлінді. Сабаққа тұрақты қатысып, белсенділік танытқан шәкірттерге қорытынды шарада арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, оқу курсын сәтті аяқтаған балаларға Мысыр елінен арнайы әкелінген тәспілер сыйға тартылып, олардың діни білімге деген ынтасын арттыру мақсат етілді.
Бұл игі бастама өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосып, олардың діни сауатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы